Нашар көретіндерге арналған нұсқа

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ"
КММ РЕСМИ САЙТЫ

ЖҰМЫС ТӘРТІБІ: 09.00 - 19.00, ТҮСКІ ҮЗІЛІС 13.00-15.00
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ: СЕНБІ, ЖЕКСЕНБІ.

Қолбасшы Қойгелді көшесі 83
жүру сызбасы

+7 7262 54 13 97
кері байланыс
jer_jambul@mail.ru
KazakhRussian

Жер учаскесіне құқық беру тәртібі

Жер учаскесiн алуға құқылы азамат пен мемлекеттiк емес заңды тұлға мемлекет меншiгіндегі жер учаскесiн жеке меншiгіне сатып та, тегін де ала алады.     

ҚР азаматтары мынадай мөлшерде жер учаскелерін жеке меншікке тегін алады:

1) ауылдық жерде өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;
2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар;
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.

Жер учаскесiн сатып алғысы келетін тұлғалар мынандай жағдайларда сатып алады:

1.Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (31.12.2021 ж. дейін мораторий жарияланған)
2.Объектiлер құрылысы үшiн беру
3.Елді-мекен шегінде объект салу үшін
4.Құрылысқа байланысты емес.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін беру

Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығымен конкурс негізінде береді. Конкурсқа шығарар алдында   шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беретін жер уаскелерінің тізбесін тиісті органдар қалыптасырып, бекітеді. Конкурсты аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады және өткізеді.  
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы конкурс өткізбес бұрын:
1) конкурс өткізу туралы хабарламаны тиісті аумақта тарайтын мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсына жариялайды;
2) конкурс өткізу туралы хабарламаны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.
     Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы хабарламаны өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерінде орналастырады және оны аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру үшін дереу жібереді.
Хабарламада:
- конкурс өтетін күн, уақыты мен орны, сондай-ақ өтініш беру мерзімі мен орны;
- жер учаскесінің сипаттамасы (орналасқан жері, алаңы, алқаптардың құрамы, топырақтың сапалық сипаттамасы, бонитет балы, сумен қамтамасыз етілуі, өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы) қамтылуға тиіс.
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өтетін жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң өтініш қабылдайтын күн басталғаннан он бес жұмыс күні, ал конкурс қайта өткізетін жағдайда, он жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтініш қабылдап, тіркейді. Міндетті түрде тіркеу нөмірі берілген өтінішті қағаз жеткізгіште немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді. Өтініш берушіге хабарлама береді.        
Өтініште:
– ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтініш берушінің - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
Жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, ЖСН, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; 
– өтініш беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
– конкурстық ұсыныс;
– өтініш беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Өтінішті жеке тұлғаның немесе ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері сенімхат негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
- бизнес-жоспар;
- шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
- ҚР жер заңнамасының талаптарын орындау, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға өтініш беру мерзімі аяқталған соң ертесіне конкурс қорытындысы шығады.
Конкурсты Жер Кодексіне сәйкес жер комиссиясы өткізеді.Конкурс жеңімпазын жер комиссиясы тиісті өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде айқындайды. Конкурс қорытындысы жер комиссиясының хаттамалық шешімімен рәсімделеді. Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімі екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдау үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жіберіледі.Тиісті атқарушы орган жер комиссиясының хаттамалық шешімі келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды. Шешім қабылданған
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының жобасын дайындайды және конкурс жеңімпазын хабардар етеді. 
        Конкурс жеңімпазы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде шартқа қол қою үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына келуге міндетті. Шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру

Объект салу үшiн жер учаскесiн сұраған кезде жер учаскесін алдын ала таңдайды. Жер учаскесін таңдау нәтижесiн жер учаскесі орналасқан жер бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органымен бірлесе отырып, жер учаскесiн таңдау туралы актiмен рәсімдейд. Жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні он жұмыс күні ішінде рәсімдеп, оны қарап және қорытынды дайындау үшiн жер комиссиясына жібереді. Жер комиссиясы қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi.Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы жерге тиiстi құқық табыстау туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын дайындайды.
Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiнгi сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне тиеуге байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау aктici және жерге орналастыру жобасы ҚР мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен де келiсiледi.
Ғибадат үйін (құрылысын) салу үшін жер учаскесін беру оны салу туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі. 
Жеке тұрғын-үй құрылысын салу үшiн жер учаскесiн беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз еткен алаңдарда жол береді.Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған
елді-мекендерде мұндай жер учаскесін беруге тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол береді.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн, құрылысқа арналған жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты қызмет түрлерiне қарамастан, үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретiнде белгiленедi.

Елді-мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беру

Елді-мекен шегінде объект салу үшін мемлекет меншігіндегі жер учаскесін сұраған кезде жер учаскесін тек сауда-саттық арқылы (аукцион мен конкурс) береді. Тәртібі:
1) Жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтініш. Азамат жер учаскесi орналасқан жер бойынша тиісті жергiлiктi атқарушы органға, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне объект салу үшін жер учаскесiн жер пайдалануға беру туралы өтiнiш жазады. Ол өтiнiшті жер учаскесі орналасқан жер бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға бір жұмыс күні ішінде жібереді.
Жер пайдалануға берілген жер учаскесін объект пайдалануға берілгеннен кейін жеке меншікке сатып алады.
2) Жер учаскесін алдына-ала таңдау. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органы жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Жер учаскесін таңдау актісіне инженерлік коммуникациялар көрсетеді.
3) Жер учаскесін алдын ала таңдауды келісу.   Келісу органдары мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны он екі жұмыс күні ішінде ұсынады.
Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде жібереді. Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органы қорытындысымен рәсімделеді және өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жібереді.  
Оң қорытынды келіп түскен жағдайда, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органы бес жұмыс күні ішінде жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындайды және жібереді.
Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органы түпкілікті таңдау актісін өтініш берушімен "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы хабарлама жіберу арқылы келіседі. Өтініш берушімен түпкілікті таңдау актісін келісу және оның жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асады. Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Өтініш беруші түпкілікті таңдау актісін келіскеннен кейін оған қол қою үшін уақытша жер пайдалану шартының алынған күні туралы хабарлама береді.
4) Жер-кадастрлық жоспар жасау. Қол қойған материалдар жер-кадастрлық жоспар дайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға келіп түседі. Ол жер-кадастрлық жоспарды он жұмыс күні ішінде дайындайды және тиісті жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі жобасын дайындап, дайындау үшін жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жібереді.
5) Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беру туралы шешiм қабылдауы.  Жер-кадастрлық жоспарды үш жұмыс күні ішінде бекітеді. Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жер-кадастрлық жоспар бекіген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Жер-кадастрлық жоспар шешімінің ажырамас бөлігі. Ол болмаған кезде, шешім жарамсыз боп қалады. Жер қатынастары саласындағы органға уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін шешім көшірмесін, жер-кадастрлық жоспарды бір жұмыс күні ішінде жібереді.
6) Уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу. Қол қою үшін өтініш берушіге шешім көшірмесін мен уақытша жер пайдалану шартын Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді. Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қояды.
7) Жергілікті жерде жер учаскесi шекараларын белгiлеу. Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын жер-кадастрлық жоспар бекігеннен кейін бір ай ішінде жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі шешім қабылдаған соң  белгілейді.

Мемлекет меншiгіндегi жер учаскелерiн сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу

Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:
1) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;
2) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;
4) мемлекеттік органдар өткізетін объектілерді салу жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға және мұндай құрылыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;
5) жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін;
5-1) жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалануға сәйкес құрылыс салу мақсаты үшін бұрын жеке және заңды тұлғалар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақтарда үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) салу үшiн, егер олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шеңберінде бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне меншік құқығын сатып алған жағдайда жеке және заңды тұлғаларға;
6) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;
7) жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;
8) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажет инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін;
9) ҚР инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;
10) ҚР арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына, дербес кластерлік қорға және басқарушы компанияға;
10-1) аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан жасанды ғимараттар салу үшін;    
11) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, байланыс пен энергетика мұқтажы үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;
12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланудағы объектілерге (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілерге;
13) ерекше шарттармен пайдалану аймақтарын белгілеу үшін;
14) өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;
14-1) жекеше орман өсіру үшін;
15) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызды мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін;
16) халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар мен отандық өнеркәсіп орындарына;
17) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестерге не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге;
18) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;
19) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне;
20) шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушыларына (мүшелеріне) олар қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде;
21) қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде, облыстық маңызы бар қалаларды қоспағанда, елді мекендердің шегінде объектілер салу үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi

            Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы мен аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Жер кодексінде белгiленген өздерінің құзыретi шегiнде жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға береді.
Мемлекет меншігіндегі және пайдалануға берілмеген жер учаскелері мен жер учаскелерін жалға алу құқығы сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылуы мүмкін.          
Жер учаскесіне құқық беру тәртібі мынадай (елді-мекен шегінде объектілер салу үшін сұралған жер учаскесін қоспағанда):
1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау (он жұмыс күні ішінде);
3) жер учаскесін алдын ала таңдау (елді-мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде);
4) жер комиссиясының қорытынды дайындауы (бес жұмыс күні ішінде);
5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы (жеті жұмыс күні ішінде);
7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу (он жұмыс күні ішінде);
8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу (өтініш берушінің өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады);
9) елді-мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру  (алты жұмыс күні ішінде).           

Сенім телефоны

+ 7 7262 54 64 08

mr