Нашар көретіндерге арналған нұсқа

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ"
КММ РЕСМИ САЙТЫ

ЖҰМЫС ТӘРТІБІ: 09.00 - 19.00, ТҮСКІ ҮЗІЛІС 13.00-15.00
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ: СЕНБІ, ЖЕКСЕНБІ.

Қолбасшы Қойгелді көшесі 83
жүру сызбасы

+7 7262 54 13 97
кері байланыс
jer_jambul@mail.ru
KazakhRussian

ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы "Өңірлік коммуникациялар қызметінің" ақпарат алаңында Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысы Бахтияр Көпбосыновтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бахтияр Бейсенбайұлы жерге құқықтар табыстаудың жариялылығын қамтамасыз ету туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Спикердің айтуынша, Жер қорының құрамы 2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстың жер қоры 14 426,4 мың гектарды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер  - 4589336 гектар; елді мекендердің жерлері –467166 гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлері – 173167 гектар;  ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11659 гектар; орман  қорының жерлері – 4 430673 гектар; су қорының жерлері – 338 741 гектарға тең. Босалқы жерлер  - 1 926 256 гектар; басқа мемлекет пайдаланып жатқан жер көлемі – 2 489 300 гектарды алып жатыр.

Жер есебіне сәйкес облыстың жер қорының 65 пайызын несесе 9,4 млн гектардан астамын жайылымдық жерлер алып отыр.

Жер заңнамасына енгізілген өзгерістер 

2018 жылғы 19 сәуірде Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралып, мақұлданды.

Заң жобасы 2016 жылы Парламент депутаттарының, орталық уәкілетті органдардың, қоғам қайраткерлері мен азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен арнайы Жер реформасы бойынша комиссияның жұмысының қорытындысы негізінде әзірленген.

Заңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сату және шетелдіктерге жалға беру туралы бірде-бір нормалар жоқ. 

Керісінше, бұл Заң ауыл шаруашылығы жерлерін беруге енгізілген Мораторийдің шеңберін  кеңейту қарастырылып отыр, онда 1% болса да  шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұлғаларға жер берілмейтін болады.

Жерге құқықтар табыстаудың жариялылығын қамтамасыз етудің қарқыны қандай

Жер кодексі (бұдан әрі-Кодекс) - жер заңнамасының және барлық жер қатынастарының негізін анықтайтын жаңа құқықтық акт болып табылады. Кодекспен жер учаскесіне құқық табыстауда  ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануды және оларды жалға жалға беру конкурс негізінде жүзеге асырылуда. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін, қоғамдық кеңеспен, кәсіпкерлер палатасымен, мемлекеттік емес ұйымдармен және өзін-өзі басқару органымен келісе отырып, жергілікті атқарушы орган қалыптастырады.

Конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында жарияланады, сондай-ақ орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберіледі және халыққа қолжетімді жерлердегі ақпараттық стендтерде орналастырылады.

Жерді тиімді пайдалану мен жер ресурстарын ұтымды басқара білу-ел болашағының кепілі.

Жүргізілген жер реформасы және аграрлық саланы реформалау барысында жердің барлық санаттары үлкен өзгерістерге ұшырап, жердің меншік иелері мен оны пайдаланушылардың саны күрт өсті.

Жамбыл облысының аумағы 14 млн 426 мың гектардан асады.

Облыс аумағының 72 пайызы тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге қолайлы жерлер болып келеді.

Соның ішінде тікелей ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер  4,5 млн гектарға жуықтаса, айналымда жүрген егістік жерлер 760 мың гектардан асады. Оның 182 мың гектары суармалы жерлер болып табылады.

ЖЕР ЗАҢНАМАСЫ НОРМАЛАРЫН КҮШЕЙТУ БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ

... Жер атадан қалған мұра емес,
Біз оны келер ұрпақтан қарызға алғанбыз ...
Сұлтан Бейбарыс

 

Десті Қыпшақ даласынан Мысыр еліне құл ретінде сатылып, осы елдің билеушісі дәрежесіне дейін көтерілген Ұлы бабамыздан қалған осы сөздер Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының жадында болуы тиіс.

Өйткені, қоғамда жүргізілген реформалар барысында бұрынғы ұжымшар мен кеңшарларлың пайдалануында болған егістіктер мен жайылымдар, шабындықтар мен көп жылдық екпелер (баулар мен жүзімдіктер) бөлініске түсіп, жекеменшікке немесе ұзақ мерзімге жалға берілгенімен, мыңдаған гектар тусырап жатқан жер телімдерінің қараусыз қалып, арам шөп немесе бұта басып кеткендіктен айналымнан шығып қалғаны жасырын емес.

Жеке және заңды тұлғалардың назарына 

Жер қатынастары саласында
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 

(20.03.2018 ж. облыстық «Ақ жол» газетінің №32-33 (18526-18527) жариялымында) 

 

Жеке және заңды тұлғаларға мем­ле­кеттік қызмет көрсетудің сапа­сын арттыру дегеніміз, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қыз­меті­не се­німін арт­тыру болып табылады.

Елбасының «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы нұсқауларға сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді халық арасында танымал ету бағытында жұмыстар жүргізіліп, Басқармада азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, жұмыс атқарылуда.

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» Бағдарламасы-жасампаз заман талабы» 

(28.09.2017 ж. облыстық «Ақ жол» газетінің №109 (18456) жариялымында) 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында - Бірінші басымдық ретінде цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету міндет қойылған.

Қойылған міндетті еңсеру үшін Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

 

Жер қатынастыры саласындағы мемлекеттік қызметтер

 

(29.06.2017 ж. облыстық «Ақ жол» газетінің №72 (18419) жариялымында)

 

Мемлекет басшысы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында - Бірінші басымдық ретінде цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуі міндетін қойды.

 Басты мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында Бірінші басымдық ретінде цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуі міндетін қойды.

Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытып отырғандығына байланысты Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

Сенім телефоны

+ 7 7262 54 64 08

mr