Версия для слабовидящих

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КГУ
«УПРАВЛЕНИЕ ЗЕМЕЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ
акимата Жамбылской области»

Режим работы: с 09.00 до 19.00, обед 13.00-15.00 
Выходные: Суббота, Воскресенье
ул. Колбасшы Койгельді 83
схема проезда
+7 7262 51 02 50
обратная связь
KazakhRussian

06.02.2016 жылы

Облыс әкімі К.Көкрекбаевтың 06.02.2016 жылы берген аймақта инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын  орындау және агроөнеркәсіп комплексы мен жаңартылған энергия көздерін пайдалану жөніндегі обьектілерді салу туралы инвесторлардың сұранысы негізінде келесі жұмыстар атқарылуда.

19022016

10 ақпан 2016 жылы Басқармаға Байзақ, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Талас, Сарысу, Шу аудандары әкімдерінің салалық орынбасарлары және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары шақырылып, келесі жұмыстар атқарылуда.

- Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінен Мемлекет басшысының ауыл шаруашылық, тұрғын үй және коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау және айналымға енгізу бойынша тексеріске әзірлік шараларын ұйымдастырылуда;

- Уақытша пайдалануға берілген мерзімі аяқталған жерлерді мемлекет иелігіне қайтару жұмыстарын жалғастыруда;

- Білім беру мекемелері жерлерінің қажеттілігін анықтап, мемлекет иелігіне қайтару.

- Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында елді мекендерде семинар-кеңестер өткізуді;

Қордай ауданы бойынша:

- Қордай асуын айналып өтетін Қайнар – Кенен авто жолының екі жағынан «Соғынды» учаскесінен 150-200 га және «Көкадыр» учаскесінен 150-200 гектар жер учаскелерін жел электр станциясының құрылысын жүргізу үшін беруді шешу;

- Шу қаласында іске қосылатын жүгері өңдеу зауытын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында инвесторларға ұсынылатын 10-12 мың гектар жер учаскелерін анықтау;

- «Батыс Европа – Батыс Қытай» жолының Отар бұрылысы Алматы облысы шекарасы аралығындағы жолдың екі жағында орналасқан жерлер туралы мәліметі картаға түсіріліп отырып кімнің иелігінде, пайдалану көрсеткішімен ұсыныстар беру.

Меркі ауданы бойынша:

- Аграрлық салаға үлкен көлемде инвестиция салуға ниет білдірген инвесторларға бұрынғы «SMART AGRO KARKARA» ЖШС берілген  2339 гектар жерді және басқа да ауданның мүмкіндіктерін қарастыруда;

- 2013-2015 жылдар аралығында «SMART AGRO KARKARA» ЖШС жерлерінің игермеуіне байланысты Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданған хат алмасуларды жинақтап Басқармаға тапсыру.

Шу ауданы бойынша:

- Қант қызылшасын өсіруге инвестиция салуға ниет білдіріп отырған инвесторларға ұсыну үшін 130-140 мың гектар жерлер көлемі әзірленіп, картаға түсірілуде;

- «Химпарк Тараз» жобасы маңындағы индусталды аймақ үшін бөлінген 56 гектар жер көлемін 120 гектарға ұлғайту;

- Шу қаласында іске қосылатын жүгері өңдеу зауытын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында инвесторларға ұсынылатын жерлер көлемін жерлерді нақтылап картаға түсіру;

- 2013-2015 жылдар аралығында «SMART AGRO KARKARA» ЖШС жерлерінің игермеуіне байланысты Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданған хат алмасуларды жинақтап Басқармаға тапсыру.

Жуалы ауданы бойынша:

- Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Burnoye Solar-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген 150 гектар жерлерге жапсарлас қосымша 150 гектар жер бөлу; (облыстың қаулы жобасы әзірленуде)

- Ауданда инвесторларға ұсынылатын 350 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін картаға түсірілді.

Мойынқұм ауданы бойынша:

- Аграрлық салаға үлкен көлемде инвестиция салуға ниет білдірген инвесторларға бұрын ұсынылған 32905 гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемін нақтылап картаға түсірілді, резервке қою.

 Сарысу ауданы бойынша:

Аграрлық салаға үлкен көлемде инвестиция салуға ниет білдірген инвесторларға бұрын ұсынылған 53941 гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемін нақтылап картаға түсірілді, резервке қою.

Талас ауданы бойынша:

-     Аграрлық салаға үлкен көлемде инвестиция салуға ниет білдірген инвесторларға бұрын ұсынылған 20000 гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемін нақтылап картаға түсірілді, резервке қою.

Жер қатынастары басқармасы