Версия для слабовидящих

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КГУ
«УПРАВЛЕНИЕ ЗЕМЕЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ
акимата Жамбылской области»

Режим работы: с 09.00 до 19.00, обед 13.00-15.00 
Выходные: Суббота, Воскресенье
ул. Колбасшы Койгельді 83
схема проезда
+7 7262 54 13 97
обратная связь
jer_jambul@mail.ru

«Алтыналмас АК» акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен  жер учаскесін қысқа мерзімге беру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»  Жамбыл облысы әкімдігінің  қаулы жобасына анықтама

«Алтыналмас АК» акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен  жер учаскесін қысқа мерзімге беру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі- Қаулы жобасы) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы  Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы  20 маусымдағы  Жер кодексінің (бұдан әрі- Кодекс) 14-1, 16, 32- баптарына сәйкес, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі  (Құзіретті орган) мен «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы  (Мердігер) арасындағы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талдыөзек жер қорынан  алтын өндіруге  арналған 20.06.2018 жылғы қосымша келісім-шарты (Мемлекеттік тіркеу №5331-ТПИ), «Алтыналмас АК» АҚ-ның  10.12.2019 жылғы Жамбыл облысы әкімдігінің №279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 18.03.2020 жылғы өтініші, Жамбыл облысы бойынша жер комиссиясының 19.11.2019 жылғы оң қорытындысы негізінде әзірленген.

27.08.2018 жылғы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігіне сәйкес «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Акционерлік қоғам) болып тіркелген.

 Акционерлік қоғам 18.03.2020 жылғы өтінішінде Жамбыл облысы әкімдігінің 10.12.2019 жылғы №279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы  сұрайды.

Бүгінгі күнге Акционерлік қогам жер учаскесіне мемлекеттік актісін алмаған.

  28.09.2018 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі  (Құзіретті орган) мен «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы  (Мердігер) арасындағы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талдыөзек жер қорынан алтын кенін  өндіруге  арналған 20.06.2018 жылғы қосымша келісім-шарты (Мемлекеттік тіркеу №5331-ТПИ) мерзімі 2029 жылдың 31 мамырына дейін.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 37 бабының 5 тармағының            3) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін - жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу мерзіміне беріледі.

Аталған мәселе бойынша «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамына алтын кен қоспасын өндіру үшін берілген жер телімінің уақытын ұзарту туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 31.05.2019 жылғы №375 қаулысымен ұсыныс берілген.

Сұралып отырған жер учаскесі жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігінде және уақытша жер пайдаланылуында емес, мемлекет меншігіндегі жер учаскесі.

           Кодекстің талаптарына сай жерді нысаналы пайдалану, экологиялық және санитарлық талаптарын сақтау және басқа да жағдайлар жер пайдаланушымен облыстың уәкілетті органы арасында жасалатын шартта айқындалатын болады.

         Қаулы жобасы азаматтардың заңда белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзбайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейді.

 

Басшы                                                     Б. Көпбосынов

 

                      Заңгер                                                      К. Закиров

13 мамыр 2020 ж.