Версия для слабовидящих

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КГУ
«УПРАВЛЕНИЕ ЗЕМЕЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ
акимата Жамбылской области»

Режим работы: с 09.00 до 19.00, обед 13.00-15.00 
Выходные: Суббота, Воскресенье
ул. Колбасшы Койгельді 83
схема проезда
+7 7262 54 13 97
обратная связь
jer_jambul@mail.ru

«Инфинити 2014» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жер учаскесін ұзақ мерзімге беру туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жамбыл облыстық жер комиссиясының 2020 жылғы 29 сәуірдегі оң қорытындысы, 2020 жылы 13 мамырда бекітілген жерге орналастыру жобасы, «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 05-01/467 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Инфинити 2014» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шу ауданы жер қоры жерінен жалпы көлемі 14,85 гектар жайылым жер учаскесі құм-шағал қоспасын өндіру үшін 2029 жылдың 23 тамызына дейін ұзақ мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілсін.
    1. Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға

пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Жер учаскесі бөлінеді, сервитут пен ауыртпашылықтар жоқ деп белгіленсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевқа жүктелсін.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев

 

 

Жобаны ұсынушы:

Облыс әкімдігінің жер

қатынастары басқармасының

басшысы Б. Көпбосынов

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

2020 жылғы « » мамырдағы

№ қаулысына қосымша

 

«Инфинити 2014» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен ұзақ мерзімге бөлініп берілген жер учаскесінің ауыл шаруашылығы өндірісіне келтірілген шығасының мөлшері

 

Жер учаскесінің

орналасқан жері

Жер учаскесінің

жалпы көлемі,

гектар

Ауыл шаруашылық алқаптарының түрлері

Ауыл шаруашылығы өндірісіне келтірілген

шығасының құны

1 гектар,

теңге

Барлық ауыл шаруашылығы

өндірісіне келтірілген шығасының құны,

теңге

1 2 3 4 5 6
 

Шу ауданы жер қоры жерінен

 

14,85

жайылым

58 800

873 180

 

Ескертпе: «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылық алқаптарын алып қоюмен туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 161 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10100 болып тіркелген) негізге ала отырып есептелген.