Версия для слабовидящих

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КГУ
«УПРАВЛЕНИЕ ЗЕМЕЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ
акимата Жамбылской области»

Режим работы: с 09.00 до 19.00, обед 13.00-15.00 
Выходные: Суббота, Воскресенье
ул. Колбасшы Койгельді 83
схема проезда
+7 7262 54 13 97
обратная связь
jer_jambul@mail.ru

«Алтыналмас АК» акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жер учаскесін қысқа мерзімге беру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жамбыл облыстық жер комиссиясының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 9 оң қорытындысы, «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №05-01/467 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жер учаскесін қысқа мерзімге беру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 256 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Алтыналмас АК» акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жер учаскесін ұзақ мерзімге беру туралы»;

1- тармақ мынадай редакцияда жазылысын:

«1. «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Акционерлік қоғам) алтын кен қоспасын өндіру үшін Мойынқұм ауданы Талдыөзек жер қорындағы Ақсақал-Бескемпір кен орнынан жалпы көлемі 202,4 гектар бөгде жер учаскесі 2029 жылдың 31 мамырына дейін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен ұзақ мерзімге берілсін.».

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевқа жүктелсін.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

жер қатынастары басқармасының

басшысы Б. Көпбосынов