Версия для слабовидящих

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КГУ
«УПРАВЛЕНИЕ ЗЕМЕЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ
акимата Жамбылской области»

Режим работы: с 09.00 до 19.00, обед 13.00-15.00 
Выходные: Суббота, Воскресенье
ул. Колбасшы Койгельді 83
схема проезда
+7 7262 54 13 97
обратная связь
jer_jambul@mail.ru
KazakhRussian

Жуалы ауданында 2019 жылы 07 қазанда сағат 16.00-де объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін сату бойынша аукцион өткізіледі.Аукцион өткізілетін мекен-жай: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.Аукционда сатылуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

р/с Учаскенің орналасқан жері Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учас. көлемі, га Жер учас. бастапқы бағасы Берілетін құқық түрі
1 Б.Момышұлы ауылы,  Алматы-Шымкент автожолының бойынан, нөмірі жоқ Логистикалық орталық құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін 2,5158 3 665 000 Жеке меншік
2 Б. Момышұлы ауылы, Б. Сафинов көшесі, нөмірі жоқ Мейрамхана және сауда орталығы ғимараты құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін 0,48 1 080 000 Жеке меншік
3 Б. Момышұлы ауылы, Б. Сафинов көшесі, нөмірі жоқ Демалыс орталығы ғимараты құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін 0,1050 205 000 Жеке меншік
4 Қарасаз а/о, Теріс өзенінің бойынан Демалыс орталығы ғимараты құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін 0,25 226 000 Жеке меншік
5 Көкбастау а/о, Көктөбе ауылының кіре беріс жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,15 220 000 Жеке меншік
6 Көкбастау а/о, Көктөбе ауылының кіре беріс жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,15 220 000 Жеке меншік

Аукционның өткізілу тәртібі (АҒЫЛШЫНДЫҚ ТӘСІЛ):

                Сауда-саттықты өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

                Сауда-саттық ағылшындық тәсілінде аукционшы нысанның бастапқы бағасын және бағаның өсім қадамын хабарлайды.

                Қатысушылар нөмірді көтеру арқылы бастапқы бағасын жоғарылатады. Бірақ, ол жарияланған өсім қадамынан кем болмауы керек. Аукционшы сауда-саттыққа қатысушылардың нысанды аукционның нөмірлерін хабарлап, бағасын бекітеді де оны жоғарылатуды ұсынады. Нысанды саудалау ең жоғары баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Жекешелендіретін нысанның саудасында кемінде екі үміткер қатысқан жағдайда ғана нысан бойынша сауда-саттық өтті деп саналады. Сатылған жер учаскелерінің нысанды орналастыру міндетті түрде берілген мақсатында пайдалану болып табылады, келісім-шартын сақтау, сервитутты ұсыну, уақтылы жер салығын төлеу. Аукционда анықталған нысан құнының 50 пайызы сауда-саттық келісім шартына қол қойылған соң 5 банкілік күн ішінде алдын-ала төленеді.

                Қалған сомасы сауда-саттықтың шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешікпей төленуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысу үшін төленетін кепілдік жарна жер учаскесі бағасының 5 пайызын құрайды.

                Кепілдік жарна «Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің депозиттік есеп-шотына аударылады: ЖСК КZ220705034631754006, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаментінің Жуалы аудандық басқармасы» ММ, БСК KKMFKZ2A, БИН 060240011131, Кбе 12, КНП 171 код4631754

                Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

                1. Белгіленген үлгіде сауда-саттыққа қатысуға өтінім;

2. Кепілдік жарнаның төлемін куәландыратын төлем құжаттарының көшірмесі;

3. Өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат;(Ескертпе: көшірмелердің дұрыстығын салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады)

Шетелдіктер, немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

Жеке тұлға банкіден есепшот ашуы керек.

Өтініштер ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

Мекен-жайы: Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 21/1 үй

Аукционның өткізілуі жөніндегі қосымша ақпараттарды 8 (72635) 2-15-39 телефоны арқылы алуға болады.

 

 

 

 

 

 

Телефон доверия

+ 7 7262 54 64 08

symbol