ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КГУ
«УПРАВЛЕНИЕ ЗЕМЕЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ
акимата Жамбылской области»
Выходные: Суббота, Воскресенье
схема проезда
ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КГУ
«УПРАВЛЕНИЕ ЗЕМЕЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ
акимата Жамбылской области»
Тараз қаласы соңғы жылдары жаңғырып, жаңару үстінде десек, өткен жыл соңында ашылған «Көне Тараз» бен «Тектұрмас» кешендері және бірқатар мәдени-рухани нысандар көне шаһардың тарихи келбетін айшықтай түскені сөзсіз. Шаһар шырайын арттыратын жобалар ағымдағы жылы да жалғаспақ. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен кеңейтілген қала құрылысының кеңесінде айтылды.
Жиында ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар баяндалды. Онда алдымен жаңа он бесінші шағын аудандағы бой көтеретін әлеуметтік-мәдени нысандардың жоспар-жобалары сараланды. Аталған шағын ауданда алдағы уақытта «Салтанат сарайы», «Оқушылар сарайы», Жеңіл атлетика манежі, «Неке қию сарайы» тағы да басқа нысандар бой көтермек. Ол бойынша тиісті құжаттарды даярлау шаралары орын алуда.
Басқосу барысында Мамыр, Орталық саябақтарын абаттандыру жұмыстарының жобалары қаралып, нақтыланды. Талас өзенінен бойынан демалыс жағажайы, қала маңынан жасыл белдеу салу мәселелері назарға алынды. Сондай-ақ, биыл «Тектұрмас», «Көне Тараз» кешендерінің екінші кезеңдері жүзеге асатын болады. Ол бойынша Асқар Исабекұлы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Қала құрылысының кеңесі алдағы уақытта да тұрақты түрде өтіп, жоспарлы шаралардың орындалу жайы бақылауда болмақ.
+ 7 7262 54 64 08